Бердібек Соқпақбаев

  • kzarije citiraoпре 2 године
    Көгендеген қозыдай уақыттың
  • Жəудір Болатқызыje citiraoпре 2 године
    Ауылдың дәл қасындағы түбекшеге тұсап қойған тор ат бір күні тұсауымен Текеске түсіп, өліп қалыпты. Ішіне су толған қарнын қампитып, бірнеше адам жағаға сүйреп шығарды. Мал иелерінің сондағы боздап жылағанын керсеңіз. Шал да, Мұқамеди де, әйелдері де, тіпті кішкентай Садық та мал емес, ең бір аяулы жақын адамдары өлгендей көздерінің жасы көл болып, еңіреп жүр. Қазаққа малдың қаншалық жақын екенін мен сонда білдім. Бір үйдің бүкіл үміт-тіршілігі, күн көрісі торы атпен қоса өлгендей еді
  • Jansaya Sayaje citiraoпре 9 месеци
    О, жалған дүние! Ана құшағындай ыстық та мейірбан не бар сенің жүзінде?! Осы құшақ тұрғанда, мен басқа ештеңені де арман етпеймін. Ешбір бақыт-байлыққа, салтанатқа мен бұл құшақты айырбастамақшы емеспін
  • Jansaya Sayaje citiraoпре 9 месеци
    Құдай тағала өзі жаратқан пендесінің асыл-асылдарын өзі таңдап әкетіп жатады
  • Jansaya Sayaje citiraoпре 9 месеци
    Балалар, менің қымбатты жас достарым. Мынау қатал дүниеде әкесі не шешесі өліп жетім қалу секілді бақытсыздық әркімнің-ақ басында кездесуі мүмкін. Ол секілді жаны жаралы балалар, мүмкін, араларыңда да бар шығар. Сендер қанша араз болсаңдар да, оларға «жетім» деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар. Ұр, соқ, төбелес. Тіпті етінен ет кесіп ал. Ал бірақ әлгідей деп тілдеме. Тағдыр онсыз да аяусыз жазалаған бейшараның адамшылық менмендігін «жетім» деген сөз біржолата жер етіп, таптап кететінін сендер ұғыңдар. Аяңдар!
  • Jansaya Sayaje citiraoпре 9 месеци
    — ол ағаш тамырына түскен құрт тәрізді емес пе? Дер кезінде бір шара қолданбасаң, үңгіп жей береді де, сап-сау ағашты құлатып бір-ақ тынады.
  • Jansaya Sayaje citiraoпре 9 месеци
    Ох, шіркін! Адам өмірден тек бала болып өтсе! Ойын-күлкімен етсе! Өмірге қалай келіп, қалай кеткенін білмей қалар болса!
fb2epub
Prevucite i otpustite datoteke (ne više od 5 odjednom)