bookmate game

Сәкен Сейфуллин

  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 7 месеци
    Қатын, бала, кемпір, шалдың бұдан да жаман жылауына және елдің науыт болуына көз жетті.
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 7 месеци
    Бұрынғы-бұрынғы емес, әсіресе кешегі 1916 жылғы қазақтың бунтында, қазақ жастарын қара жұмысқа алған қарсаңда, қазақты жеген, қазақты қан қақсатқан жаман адамдардың, залым ұлықтардың жазаларын тартпай бос жүргендеріне іш күйетін болды. Не қылуға білмей, құр тек әр жерде айтып құр жүгіріп жүрдік.
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 7 месеци
    «Қазақты» басқарған — Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов. Жазушылары: Бөкейханов тағы солар. Бұл газеттер, «Тіршіліктен» басқасынын бәрі, бір бетте болды. Бәрі Орынбордағы «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді. Бәрінің құлақ күйін «Қазақ» газеті бұрап беріп, нұсқау беріп отыратын болды. «Қазақтың» басындағылар Қазақстанның әр жеріндегі ниеттес адамдарына нұсқа беріп, хат жазып жатты. Газеттердің бәрі көзжұмбай ұлтшыл болды. Ұлтшыл болған соң, еріксіз байшыл газет болды. Бәрінің ортақ туы «Қазақ» газеті болды.
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 7 месеци
    Қазақстанға белгілі, зор оқығандар: Қалел Досмұқамбетов, Жанша Досмұқамбетов, Ғұбайдолла Әлібеков тағы да көп зор оқулылар. Құрылып отырған съезге қарап
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 7 месеци
    Ей, Ғұбайдолла! Петрборға бардым деп жүрсің ғой, бара бер! Бірақ Орал облысында қыртпай жүр!
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 7 месеци
    Ызбарланып қазірет отыр. Бетіне қарағанда: «Қытай жұртының құдайы ма бұл?»—деп ойлайсың. Қуанай қазіретті білмейтін Орал облысында бала жоқ. Қуанай қазіретті Үпідегі, Қазандағы ноғай-башқұрттың мүфтилері де біледі. Мүфти де Қуанайды сыйлайды. Қуанай «әулие»... Міне, қазірет жайылып Қалел Досмұқамбетұлының үйінде отыр. Қазірет босқа сөз сөйлемейді.
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 7 месеци
    Жаншаға қараған көз тоярлық, Жанша—алашорданың бастығы. Жанша — «қазақтың ханы»... Бірақ Жанша жалаңбас, шашы өсіңкіреген.
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 7 месеци
    Қазірет:

    — Тәйт!.. Бөркіңді неге кимейсің?!.. Қарашы, шашын жалбыратып отырғанын!.. Сендерді біз «қалипаның» орнында дейміз!..
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 7 месеци
    Әр намаздың соңынан бата қыламыз!.. Сендер бүйтесіңдер... Киіп отыр бөркіңді! — деді.

    Отырғандар састы. Ептеп, қалбалақтап шайып-жуды.

    Қазірет кейіп: «Намазға да салақ деп есітемін», — деді.
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 7 месеци
    Съезд шақырушылардың ағасы Бөкейханов кадет партиясының жобасын съезге алғызбақ болыпты, едәуір далбасалапты. «Россия үкіметі Англия үкіметіндей патшасы бар, парламентті болуы жөн»,—деп таласыпты. Бірақ көпшіліктен жеңіліпті. Съезд федеративная республиканы дұрыс тауыпты.
fb2epub
Prevucite i otpustite datoteke (ne više od 5 odjednom)