bookmate game

Шерхан Мұртаза

  • b3265737560je citiraoпре 2 године
    Түнді құдай тыныштыққа, күндіз көрген азабыңнан бір мезгіл арылып, тәтті құшаққа, тәтті ұйқыға кіруге жаратқан
  • b3265737560je citiraoпре 2 године
    Бұл дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің?! Бәрі өтеді, Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да, байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес еді. О да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір байғұс балшық илеп, қыш құйған шығар
  • Uldana Serikkyzyje citiralaпре 2 године
    Өзіңді-өзің, жұбатпасаң, өзіңді өзін жылытпасаң, сені кім жұбатады, кім жылытады?
  • Ayaulym Ilyasovnaje citiraoпре 2 године
    Айдан басқа мұң шағатын кімім бар?
  • b5126983351je citiraoпре 2 године
    Шаңырақ жағылғанша, сирақтың шабылғаны артық.
  • b5126983351je citiraoпре 2 године
    Біреудің аңғырттығынан біреу пайда табу қиянат-ақ.
  • b3265737560je citiraoпре 2 године
    Ағаш екеш ағашта да сезім бар. Тамыры жердің сөлінен нәр алып, жапырағы күннің сәулесінен әл алып тұрған кезде ағаш әулие құстың әніне, желдің уіліне, жұлдыздың жарығына, күннің қызуына елтіп, жасыл жапырақтары зүмірет қадаған жанардай жайнаңдар еді. Жаңа туған бөпеге бесік болуға жараған тал өзін бақытты сезінер. Жаңа отаудың шаңырағы мен уығына шабылған сәмбіде де өкініш жоқ. Омаш сақаның тісіне жараған ағаш та мені балта кесті-ау деп қайғырмас.
    Дүниеде дар үшін соғылған ағаштың соры қалың
  • b3265737560je citiraoпре 2 године
    Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
    Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.
    Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең, әлу-ай!
    Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
    Дүние дастан
    Әуелі-ақ бастан
    Ақылды дұшпан жақсы
    Ақымақ достан, әлу-ай!
    – Ой, сорлы-ай, рас қой, –деді Рысқұл орнына қайтадан келіп отырып.
    Жапалақ жалпылдайды жар басында,
    Немене жоқтың күні бар қасында.
    Дос болып қас болғаннан сақта, құдай
    Қасқыр да қастық қылмас жолдасына, әлу-ай!
    Қоңыр қаз, үйрек,
    Қанатын сүйреп,
    Бұл жалған өтер-кетер
    Өй-деп, бүй-деп, әлу-ай!..
  • b3265737560je citiraoпре 2 године
    Құс екеш құс та мейірлі. Ал адам адамды өлтіре алады
  • b0931943975je citiraoпре 2 године
    «жетім қозы тасбауыр, түңілер де отығар»
fb2epub
Prevucite i otpustite datoteke (ne više od 5 odjednom)