Мен қазақтың панасыз қалған, қарапайым баласымын. Орыстардың мәдениетінің, ілімінің игі әсерінің арқасында шама-шарқынша шағын білім алдым. Осы білімнің нәтижесінде «бұрын кім едім, қазір кіммін және қиын-қыстау шырғалаңы көп болашағым қандай болмақ» деп алды-артымды шамалайтындай халге жеттім. Күн көру үшін күресу, шындығында қиын, өйткені мен жастайымнан жетім қалып, талай-талай бақытсыз күндер кештім, менің нәрестелік санама өшпестей із қалдырған жетімдіктің неше алуан тауқыметін тарттым. Әйтеуір сол ауыртпалықтан езіліп кетпей, бой түзерліктей тіректі мен білімнен таптым...».