kk

Oscar Wilde

  • b1501683071je citiraoпре 2 године
    Мына бала қандай сүйкімді еді!..
  • Бірғаным Серікбайje citiraoпре 2 године
    − Жағымды әсер ету деген мүлде болмайды, мистер Грей. Кез келген эсер ету дегеннің өзі − жағымсыз, ғылыми тұрғыдан жағымсыз болып табылады.

    − Неліктен?

    − Өйткені, өзге біреуге әсер ету дегенің − оған өзіңнің жаныңды бердім деген сөз. Ол енді өзінше ойлай алмайды, өзінше емес, өзге біреудің отына жанады. Жақсы істерін де өздігінен жасамайды, күнәға батса да, әрине егер солай болса, өзінің еркінен тыс батады. Ол өзге біреудің әуеніндегі бір дыбыс, өзіне арнап жазылмаған рөлдің ойнаушысы болып қана қала береді. Өмірге келген соң, оның мәні өз жолыңды табу. Бар болмысыңмен, өз ерекшелігіңмен толыққанды өмір сүру, адам сол үшін дүние есігін ашады. Ал біз, адамдар, өз-өздерінен қорқатын заманға тап келдік. Олар ең басты парыз өзіңнің болмысыңның алдындағы парыз екенін ұмытып кетті. Әрине, олар ізгі. Ашты тойдырады, жыртық-жамауды киіндіреді. Ал өз жандарының аштықтан бұратылып, жалаңаштанып қалғанын білгісі де келмейді. Біз шындыққа тура қарау батылдығын жоғалтып алдық. Мүмкін, ол бізде ешқашан болмаған да шығар бәлкім. Қоғам не айтар екен деп қорқу, міне ар-ұятымыздың негізі, Құдайдан қорқу, өйткені ол діннің негізі, иә, иә, осылар біздің қозғаушы күштеріміз.
  • Бірғаным Серікбайje citiraoпре 2 године
    егер әрбір адам әр сезімін сыртқа шығарып, әр ойын ашық айтса, әр арманын жүзеге асырып, толыққанды өмір сүрсе − әлем ортағасырлық бар ауру-сырқауларынан арылып, бақыттан басы айналар күйде болар еді, сөйтіп эллинизмнің мінсіздігіне қайта қол жеткізіп, тіпті одан да ары барар ма едік, кім білсін. Бірақ арамыздағы ең батыл дегендеріміздің өзі де өзінен қатты қорқады. Өзіңнен бас тарту, осы бір артта қалған өмірдің қалдығы, бар дүниені құртады. Осылай өз-өзімізден бас тартқанымыз үшін аз ақы төлеп жатқан жоқпыз. Өз-өзімізге рұқсат етуге тыйым салатын кез келген қалауымыз, өз жанымызды іштей тырналап, қайғыға батыра түседі. Ал күнә жасап, адам оған деген ынтықтығынан арылады, өйткені ойыңа алған нәрсені жүзеге асыру-тазарумен бірдей. Содан кейін тек естеліктер мен өз қателігіңді түсінген тәжірибе ғана ашады. Жаныңды арбаған күнәдан құтылудың жалғыз ғана жолы бар − ол оған жол беру. Ал онымен күресем деп шешсең, жаның қорыған дүниеге әуес болып, соны жасағанша тыныштық бермейді, ал адамның өзі ойлап тауып қойған заң бұл дүниелерді нағыз оңбағандық пен қылмыс деп танитын болады. Бірде бір ақылды адам айтқан екен: "Ең ұлы оқиғалар − адам миында болып жатқан оқиғалар". Ал мен оған ең сұмдық күнәлар да адам миында өзегін жарады, тек адам миында дегенді де қосар едім.
  • Бірғаным Серікбайje citiraoпре 2 године
    Бірақ сөзден ауыр нәрсе бар ма екен?
  • Бірғаным Серікбайje citiraoпре 2 године
    Жаныңды сезіммен емдеген дұрыс, ал сезімді тек жан ғана емдейді
  • Бірғаным Серікбайje citiraoпре 2 године
    Біздің өмірімізде күнәға батудан өзге еш қызық қалмағандай.
fb2epub
Prevucite i otpustite datoteke (ne više od 5 odjednom)