bookmate game

Әзілхан Нұршайықовтың

  • Gabdul Akmurzayevje citiraoпре 2 године
    Ғашық адам сүйгенінің бойынан сұлулықтан басқа да асыл қасиеттер іздейді. Ол қасиеттер: ақылдылық, адамгершілік, сыпайылық, сыйластық, еңбексүйгіштік болса керек. Жалқау қызға жан жоламауға, еріншек қызды ер алмауға тиіс. Мұның растығына көптеген мысалдар бар. Еңбекте үздікті сүйеді. Оқуда озықты қалайды. Қай қыз жұмысты жақсы істесе, жұмысшы жігіт соған ұмтылады. Қай қыз сабақты жақсы оқыса, студент жігіт соған қырындайды. Нашар оқитын қыз өзін сүйікті етіп көрсетуге тырысады.
  • Gabdul Akmurzayevje citiraoпре 2 године
    Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен жеңісті баянды ету - одан да қымбат.
  • Gabdul Akmurzayevje citiraoпре 2 године
    Сұлу деп қазақта көрікті әйелді айтады. Ал көркінің үстіне ақыл-парасаты мол әйелді ару деп атайды. Өмірде сұлу көп те, ару аз.
  • b7806559294je citiraoпре 2 године
    «Емен - ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге болады: өзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады; ал еменнің жапырағы қыста да бүлк етпейді, тек келесі көктемде - бұтақтарында жаңа, жас бүршіктер қылтиып, бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге құлайды. Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды - өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады; оны жалынды жаңа махаббат қана тықсырып шыға алады».
  • Gabdul Akmurzayevje citiraoпре 2 године
    Меніңше, әйелге керек негізгі үш қасиет бар, ағай. Олар: еңбекшілдік, ақылдылық, сұлулық. Бойында осы үш қасиет тегіс бар әйелді төрт құбыласы түгел әйел деп бағалау абзал. Ал соның алғашқы екеуі ғана табылса, онда соңғысынсыз да өмір сүре беруге болады. Солай емес пе, ағай?
  • Gabdul Akmurzayevje citiraoпре 2 године
    Егер жұрттың бәрінде бірдей менің көзім мен жүрегім болса, онда Меңтайды бар студент, бүкіл ғалам жер үстіндегі ен сұлу, ең ақылды қыз осы ғана деп бағалар еді-ау, шіркін! Дариға-ай, дүниенің тұтқасы қолымда болса, бар жақсылықты осы қызға жасап, бар бақытты осының басына үйіп қояр едім мен. Бірақ кедей студент менің қолымнан махаббат пен тұрақтылықтан басқа не келеді десеңші.
  • Gabdul Akmurzayevje citiraoпре 2 године
    Адам бойындағы ең асыл сезімдердің бірі адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас. Өйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жүрегіне асыл махаббат ешқашан да ұя салмайды.
  • Gabdul Akmurzayevje citiraoпре 2 године
    Жан жарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген іс, атқарған жұмыс, арқалаған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Себебі саналы өмірдің бар қызығы махаббатқа тіреледі. Сондықтан да махаббатқа соқпай кететін сезім аз. Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштылық сезімдерінің бәрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл қасиет адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас. Өйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жүрегін махаббат мекендемейді.
  • Айдана Кастаеваje citiralaпре 2 године
    Семья - мемлекеттің негізі. Біздің мемлекетіміз - азаттықтың, әділдіктің, адамгершіліктің Отаны. Семьяға адалдықтың үлгісі де елден елге, ұрпақтан ұрпаққа бізден тарауы керек. Сондықтан мен ерлі-зайыпты адамдардын жұптылық салтын адалдық заңындай ардақтап, бұлжытпай орындауын қалаймын. Әйелдің жүрегіне жара түспесе екен, ол әрқашан да бақытты, қуанышты бола берсе екен деймін. Барлық әйелдің күйеуі ақкөңіл, адал болса екен, олар әрқашан әйелдерін қадірлей білсе екен деп тілеймін.
  • Айдана Кастаеваje citiralaпре 2 године
    Махаббат мәңгілік болуы үшін, оның оты өшпеуі үшін оған жұп боп қосылған екі жақ кезек «тамызық» тастап отыруы парыз.
fb2epub
Prevucite i otpustite datoteke (ne više od 5 odjednom)