bookmate game
kk
besplatno
Мұхтар Әуезов

Жиренше шешен әңгімелері

4 štampane stranice
Da li već pročitali? Kakvo je vaše mišljenje?
👍👎

Utisci

  • Abilkair Zhumatayevje podelio/la utisakпре 7 година
    👍Vredna čitanja
    🔮Kompleksna
    🎯Zdrav
    🚀Čita se u jednom dahu
    😄HAHA

    Керемет әңгіме! Қысқа ғана. Кеңес беремін!

  • Akyl Yerbolatova-Chabdarovaje podelio/la utisakпре 3 године
    👍Vredna čitanja

    anizben ushtasyp ketken keremet angimeler)👍

  • Жаңылжан Жолдымұратje podelio/la utisakпре 3 године

    Жақсы әңгімелер, бірақ бір кітапта 3 ақ әңгіме аз деп ойлаймын!

Citati

  • kairbekkyzyje citiraoпре 8 година
    бір қыз келеді. Жиренше дауыстап, бұл өзеннің өткелі қайда деп сұрайды. Қыз: "Анау жақта бір өткел бар, жақын, жақын болса да алыс, анау жерде бір өткел бар, алыс, алыс болса да жақын" дейді. Мұның не сөз екенін аңғармай Жиренше жақын деген өткелге барып жүріп кетіп еді, судың орта жеріне барғанда аты малтығып жығылып, үсті-басы былғанып, азар-мазар шықты. Сонан соң, алыс та болса жақын деген өткелге барып, оп-оңай өтіп, ар жақтағы қыздың үйіне келді.
    Үйіне келіп отырған соң, Жиренше қызға қарап: "Жаным, қарным ашып алыстан келемін, тамағыңның тәттісін бер" дейді. Қыз айтты: "Бір тамақ бар ащы, ащы болса да тәтті. Бір тамақ бар тұщы, тұщы болса да ащы" деді. Жиренше: "Ащы болса да тәтті"деген тамағыңды келтір", — дейді. Қыз тұрып барып, бір уыс тұз алып, бір аяққа салып Жиреншенің алдына қойды. Жиренше мұны көріп: "Жаным, құр тұзды қалай жеймін?"— деді. Сонда қыз үндемей, тұзы жоқ қара көже құйып берді. Жиренше өзі де данышпан ақылды кісі еді, ойлап отырып, бұл сөздерге түсінді. Жаңа үй иесінің берген мәзірін күтпей, тәтті тамағыңды бер деп сұрағанына ұялады. Сол істе
  • Abilkair Zhumatayevje citiraoпре 7 година
    Жиренше шешен жол жүріп келе жатып, бір ауылдың тұсына келіп, ауыл мен екі арада өзен болған соң, өткелін біле алмай сасып тұрғанда, судың ар жағынан су алуға бір қыз келеді. Жиренше дауыстап, бұл өзеннің өткелі қайда деп сұрайды. Қыз: "Анау жақта бір өткел бар, жақын, жақын болса да алыс, анау жерде бір өткел бар, алыс, алыс болса да жақын" дейді. Мұның не сөз екенін аңғармай Жиренше жақын деген өткелге барып жүріп кетіп еді, судың орта жеріне барғанда аты малтығып жығылып, үсті-басы былғанып, азар-мазар шықты. Сонан соң, алыс та болса жақын деген өткелге барып, оп-оңай өтіп, ар жақтағы қыздың үйіне келді.
    Үйіне келіп отырған соң, Жиренше қызға қарап: "Жаным, қарным ашып алыстан келемін, тамағыңның тәттісін бер" дейді. Қыз айтты: "Бір тамақ бар ащы, ащы болса да тәтті. Бір тамақ бар тұщы, тұщы болса да ащы" деді. Жиренше: "Ащы болса да тәтті"деген тамағыңды келтір", — дейді. Қыз тұрып барып, бір уыс тұз алып, бір аяққа салып Жиреншенің алдына қойды. Жиренше мұны көріп: "Жаным, құр тұзды қалай жеймін?"— деді. Сонда қыз үндемей, тұзы жоқ қара көже құйып берді. Жиренше өзі де данышпан ақылды кісі еді, ойлап отырып, бұл сөздерге түсінді. Жаңа үй иесінің берген мәзірін күтпей, тәтті тамағыңды бер деп сұрағанына ұялады. Сол істерінен қыздың есті қыз екенін аңғарып, ақырында өзіне қатындыққа алыпты дейді.

Na policama za knjige

fb2epub
Prevucite i otpustite datoteke (ne više od 5 odjednom)