bookmate game
kk
besplatno
Иоганн Вольфганг фон Гёте

Фауст

  • b0244889101je citiraoпре 2 године
    Сені азаптан құтқаруға ұмтылған.
    Маргарита
    (оның алдына келіп тізерлеп тұрып)
    Тізерлейік, жалынайық тәңірге!
    Сен есік ашқан жақта
    Баспалдақта
    Тозақ оты жанып тұр!
    Әне қазір,
    Алаңдап, жалаңдап
    Келеді әзәзіл!
    Ф а у с т
    (айқайлап).
    Гретхен! Гретхен!
    Маргарита
    (құлақ түре)
    Сүйіктімнің үні ғой бұл, о тәңір!
    (Ұшып тұрады. Шынжыр саудырап бос қалады)
  • b0244889101je citiraoпре 2 године
    олыңда ғой, барлық билік өзіңде,
    Қарсы тұрма таза аналық сезімге,
    Ажал сағат асықтырып тұрса егер,
    Нәрестемді емізейін мұрша бер.
    Обалсыздар сәбиімді ұрлап ап,
    Өлтірдің деп жала жапты өзіме.
    Түні бойы көз жасыммен аймалап,
    Жылай бердім, әлім келді көзіме.
    Әлгі ертегі... жауыз әйел баяғы...
    Қалай еді аяғы?...
  • b0244889101je citiraoпре 2 године
    (Песей гр.миф) – Медузаның басын қағып алып батыр.
    2Пратер − Вена қаласындағы парк
    3S е г v і b і 1 i s (лат. «елгезек, қызметке даяр») – әдебиет пен искусствода аса білгіштер типі.
  • b0244889101je citiraoпре 2 године
    1Брокен – Гарц тауындағы шың.
    2Уриан – шайтанның немісше бір аты.
    3Баубо – (грек миф.) жер құдайы
  • Rahymbu'bi Rahymbekovaje citiralaпре 5 година
    Дейсің ғой сен: «Қайда қалмас берген серт?»

    Сертте тұру адамдықтың келбеті,

    Оны бұзу — бізге бітпес ауыр дерт!
  • Rahymbu'bi Rahymbekovaje citiralaпре 5 година
    Замананың бетке ұстары — адамы,

    Қанша жүрсе мандымаған қадамы,

    Қоқыр-соқыр, жаман-жәутік — жиғаны,

    Кергендері — жәбір-жапа, ит қорлық,

    Қала берді алдау-арбау, күш-зорлық.

    Бекер-босқа шыбын жанын қинады.

    Мықтағанда құрғақ ақыл дарынды

    Пірі тұтып қуыршақтай бағынды.
  • Rahymbu'bi Rahymbekovaje citiralaпре 5 година
    Сүйеніп, сеніп кімге қол артасың,

    Білімнің бұлағынан қану үшін?

    Қанша жүрсең — жүргенің жол ортасы,

    Туған ба адам арманда қалу үшін!
  • Rahymbu'bi Rahymbekovaje citiralaпре 5 година
    Фауст

    Адал бол, әділ, анық бас!

    Не керек жалған атақ, ар!

    Еңбекшіл пенде тарықпас.

    Қашанда аты аталар!

    Айтарың анық шын болса,

    Сөз қуғаның бола ма?

    Сөзің сандырақ жын болса,

    Дегенің басқа қона ма?

    Күздің құрғақ желіндей

    Сумаңдайсың ерінбей.
  • Rahymbu'bi Rahymbekovaje citiralaпре 5 година
    Ал ақылға? Ақылға салмайсыңдар,

    Ақымақ пен баланы алдайсыңдар.

    Жылуы жоқ сылдыр сөз жанға әсер етпейді,

    Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді
  • Rahymbu'bi Rahymbekovaje citiralaпре 5 година
    Ару күн жанарын төңкеріп,

    Жер-көкке кірпігін қадайды.

    Әлемді нұрымен көмкеріп,

    Қия алмай қиыла қарайды.

    Жадырап қаламыз, күлімдей

    Жылы бір шыраймен қараса.

    Алғашқы жаралған күніндей,

    Дүние не деген тамаша!
fb2epub
Prevucite i otpustite datoteke (ne više od 5 odjednom)