kk
besplatno
Мұхтар Әуезов

Сөніп-жану

  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 3 године
    Аяғында, бір сағаттай уақытты үндемей сүйісумен өткізген соң, аяңдап үй жаққа қарай жүрісті. Үйге қарай жүргенде ғашығын құшақтап келе жатып, Сыздық:

    — Неге үндемейсіз? Біз сөзден неге тыйылдық? — деді. Әйел жас жігіттің еркіне көніп, әлсіреген дауыспен:

    — Адам өмірінде барлық шешен, сұлу сөзден өзінің мағынасымен артып кетіп үндетпейтін көрікті мүйнеттер болмай ма? Бізді билеген сол мүйнет шығар! — деді.
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 3 године
    Таңертең тысқа шыққанда қалыңдығы турасынан қандай ойға байланғанын күйеудің өзі де анық білген жоқ еді. Неше түсті көмескілеу сезімдер көңілінен елестеп өтсе де, өз бойынан анық білген нәрсесі — қалыңдығынан құмар болып сүйетін, ғашық болғандай болып елжірейтін түрдің жоқтығын байқады.

    Оның ойынша, «ғашықтық» дегенді бұл турада ауызға алуға болмайды. Себебі — ол сезім көп уақыт ынтық болып жүргенде, қол жеткізбейтін бөгет көп болғанда, әйел жағынан бірде үмітті жылы жауап естісе, бірде тәкәппар, салқын жауап естіп жүрсе, сондай кездерде көп сынның артынан туады.
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 3 године
    Сыздықтың өзге жолдастары басқа қыздарды да көруге бұрынғыдай ынталы болса да, Сыздық енді әрбір қызды барып көре беруді ыңғайсыз көре бастады. Оның өзінше «интеллигентпін» деген көңіліне қатын алу деген адам өміріндегі ең бір мағыналы, ең бір ірі және ең қызықты іс болса, соған бұның жақындары базардың саудасындағы сарамастық әдетті әкеп сала берген сияқтанды. Үйлену жұмысындағы ыстық сезімді кемітіп, қызығын жадағайлатып жіберетіндей көрінді. Тағы да қыз көруге көңілсіз болған бір себебі — Жәмиланы бір-ақ көріп кетсе де, соның артынан сөйленген сөздің, ойлаған ойдың салдарынан бұның «ыстық қиялы» Жәмиланың суретіне байланып қалған сияқты еді.
  • Bekzat Bekbolatje citiraoпре 3 године
    Кісіге шын дос, шынымен бас сыйлайтын, өзіңді құрметтей білетін, жаныңа ауыртпалық түсірмейтін, қабағыңа қарап іс қылатын таза жолдас қыр қызынан шығады дейтінбіз. Соның ішінде әсіресе жақсы тәрбиелі қыз, жақсы мінезді қыз — адал, момын кедей қызы болады дейтінбіз.
fb2epub
Prevucite i otpustite datoteke (ne više od 5 odjednom)