bookmate game
kk
besplatno
Герман Мелвилл

Моби Дик немесе ақ кит

  • seysenovadinaje citiraoпре 5 година
    Тереңіне кез келгеннің жетем деп талпынуы бекершілік, әлбетте, ақиқат әркез тереңде жатады.
  • seysenovadinaje citiraoпре 5 година
    О, аяңдар мен нышандар! Көріне сала жоғалуға неге асығасыңдар сендер? Сендер сақтандырмайсыңдар, о, көлеңкелер, сендер әншейін біздің болашағымызды нұсқайсыңдар! Болашақты нұсқағандарың сол, жан күйімізді жайып салғызып айғаққа шығарасыңдар. Өйткені сыртқы дүние бізді тек сәл-пәл тежейді, ал бізді еліктіріп алға құлшындыратын жан күйіміздің тұңғиықтағы аңсар-мұқтаждары ғана!
  • seysenovadinaje citiraoпре 5 година
    Кит тектестерді жіктер мен тұқымдарға бөлудің ақиқат тәсілдерін зерттеу - тіпті, шамам жетіп тұрған шаруа болғанның өзінде де - менің ниеттенген жоспарларыма кірмейді. Мамандардың бүл мәселе жөнінде құйттай да өзара түсіністіктері жоқ", - деп пайымдайды кеме дәрігері Бийл б.д. 1839 ж.

    "Үлкен тереңдіктерде зерттеу жүргізуге бейімсіздік". "Біздің кит тектестерді зерттеуімізге кедергі жасайтын жасырын қалқалар".
  • seysenovadinaje citiraoпре 5 година
    Менің алдымда думан-сауық емес, ауыр еңбек пен тауқыметтер тұр, ал мен болсам есалаң адамша ертелі-кеш темекі тартып, түтінді желге үрлеп отырысым мынау; желге қарсы түтінді жанұшыра үрлегенім сондай, ауаға ең ақырғы, ең қуатты, ең айбынды бұрқағын атқылап, жан тәсілім еткелі жатқан киттен аумаймын. Қорқор менің не теңім?
  • seysenovadinaje citiraoпре 5 година
    Кәрілік ұйқыны сүймейді; сірә, адамның өмірмен байланысы неғұрлым ұзағырақ болса, оған өлімді еске түсіретіннің бәрі соғұрлым қызықсыз болса керек.
  • seysenovadinaje citiraoпре 5 година
    Мінсіз батылдықтың асыл бейнесі біздің жанымызда, жанымыздың сайын тереңінде өмір сүреді, сондықтан, тіпті, сыртқы қадір-қасиеттен айырылу оған әсер ете алмайды; сөйтіп, сол асыл бейне ерлігінен бел кеткен адамды көргенде сансырап азап шегеді.
  • Назерке Алдилхановаje citiraoпре 5 година
    бізді бұл дүниеде Тағдыр атты теңізші құдды ана зәкір-қақпадай бұрап айналдырады.
  • b4669914404je citiraoпре 5 година
    бәлкім, барлық құбыланамалардың тілдері өздерінің тартылыс күшімен оларды осында еліктіретін шығар?
fb2epub
Prevucite i otpustite datoteke (ne više od 5 odjednom)