kk
besplatno
Мұқағали Мақатаев

Естеліктер

  • Думан Ерлановje citiraoпре 5 година
    ..БІЗ ОСЫЛАЙ ТАБЫСЫП ЕДІК...

    Нұрғиса ТІЛЕНДИЕВ

    Қазақстан Республикасының

    халық қаһарманы

    Дәл қай жылы және қай күні екені анық есімде жоқ. Әйтеуір менің Мұқағалимен тұңғыш рет кездесіп, жақсы таныс болғаным Қазақ радиосының музыка редакциясында еді. Мен туралы хабар берілмекші екен. Дауысымды жазып алатын болған соң келгем. Алдымнан арсалаңдап Әнуарбек Байжанбаев шықты. Ол осында бас диктор. Екеуміз бұрыннан жақсы таныспыз. Амандық сұрасын отырғанымызда біздің жанымызға кең жауырынды, бүркіт тұмсық, палуан денелі жас жігіт келді. Екі бетінен қаны тамып тур. Нұрлы екен. Батыл амандасты.

    — Нұраға! Ассалаумағалейкум! Мен Мұқағали деген ініңіз боламын. Әдейі амандасайын деп келдім сізге. Райымбек бабаның ұрпағымын, аға.
  • Лаура Досыбаеваje citiralaпре 8 година
    Иә, өлең өлмейді. Ендеше өзі жазған ақын да өлмейді. Олай болса Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда. Күнбе-күн қасымызда. Әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңайды жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр.
  • Лаура Досыбаеваje citiralaпре 8 година
    Біреулер жан еді дер өр тұлғалы,
    Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
    Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
    Жазылар естеліктер нешелеген,
    Көреміз бәрін оның, пешенеден.
    Әйтеуір білетінім бір-ақ нәрсе,
    Көшеді өлең, немесе өшеді өлең.
    Айдай анық та сол. Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам түрлі пікір пайымдаса да, желмен желпіп қаншама жылдар өтсе де, ешбір кіреуке түспей, келешекке қарай келісті керуен түзеп көше бермек.
    Міне, сол ақындық, сол өшпес өрнекті өлеңдер өртене жанып өмір сүріп, жастардың жүрегіне, халықтың жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Әрбір оқыған сайын жаңа сырларын аңғартып, тың толқындарын тулатып, сырлы саздарын төгуде. Кені қат-қабат ашылып, тереңге тартады. Біз оның көзі тірісінде жарық көрген кітаптары біраз екенін білеміз. Таңдамалысы да жарық көрді. Бірақ, оқырман қауым ақынның жарық көрмеген тамаша өлеңдері коп екендігін біле бермейді. Иә, Мұқағалидан қалған асыл мұра бар. Бұл керемет қазына, баға жетпес байлық. Оның бәрі иесін, иемденушісін күтіп жатыр. "Жазушы" немесе "Жалын" баспасы сол маржан мұраны ортайтпай, олқыландырмай, кіршіксіз қастерлеп, аялы алақанға салып, коп кешіктірмей басып шығарса құба-құп. Бірақ, біз бұл мұраның кітап болып шыққанын күтіп, қол қусырып қарап отырмай, оны қазірден бастап жан-жақты игере беруіміз керек. Бұл игі де ізгілікті іске "Жұлдыз" журналы ғана емес, басқа да мерзімді басылымдар назар аударып отырса — нұр үстіне нұр. Ақынның орны өз жүрегі, таланты, қаламы көтерген биікте болса, Мұқағали Мақатаевқа өзі көтерілген асқар биікке лайық құрмет көрсетуге, өлмес, өшпес рухани, өнерлік ескерткіштер орнатуға тиіспіз.
    Мен Мақатаевтың жарияланбаған жаңа жырларына — жүрегінің келешекке көшер сұлу, соны сырларына жолашар сезімді ақынның өз лебізімен түйгім келеді:
    Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
    Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
    ...Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
    Өлтіре алмас алайда Өлеңді ешкі.
  • Лаура Досыбаеваje citiralaпре 8 година
    Біз Мұқағалиды сәл де ұмытқан жоқпыз. Ұмыта да алмаспыз. Қайта арамызға түскен уақыт оның тұлғасын зорайта, асқақтата түсіпті. Жыры жалын ақын қазақ өлеңі өлкесіндегі бір асқарға — дара Алатауға айналғандай. Шынында да, ол қазақ өлеңдерінде Қасым Аманжолов сияқты дауылдай өртке тиген өлеңімен Өмірді шайқаған құдіретті тұлға, қайталанбас кесек құбылыс. Бәрі жадымызда: Оның поэзиямызға қалай келгені. Қалай жетіліп өскені, өршігені. Амал қанша, ол барынша толысып ауылын, астанасын ғана емес, төрткүл әлем қамын ойлай бастаған шағында, сырбаз сезіміне әлеуметтік қуатты ойды, терең пәлсафаны өзек етіп, жүрегінің түбіне кір жасырмай, барлық тұлғасымен толайым көрініп, зор ақындық даусымен жырлай бастаған уақтысында, поэзияның биік шырқауларын көрсететін деңгейге көтерілген кезеңінде үзіліп кетті. Амал қанша, ол Алтайға Атырауды қоса құшақтауға құлаш ашқан кезінде, жалындаған жырларымен әзиз ата, ақ шашты аналардың жүрегін әлдендіріп, замандас құрдас-құрбының мәртебесін биіктетіп, барша ғашық жүректерді жиі соқтырып, бөбектердің бесігін тербете бастаған шағында бұл өмірмен қоштасты. Бірақ, ол өлеңмен, қасиетті өнермен қоштасқан жоқ, Артына саф таза ақындығын, мол да мөп-мөлдір мұрасын қалдырған еді.
    Осылайша оның екінші өмірі — негізгі әрі мәңгілік өмірі басталған болатын. Әрине, қара қылды қақ жарар уақыт қазы Мұқағалидың да балаң, алаң кезінде жазған жекелеген жасық туындыларын маңдайдан сипамас. Ал кейінгі нағыз ақын Мұқағалидың өлеңдеріне келсек...
    Жазылар естеліктер мен туралы,
  • Лаура Досыбаеваje citiralaпре 8 година
    Бізді сырлы сұлу жырымен, жігіттік ыстық буымен алаңдатып; ақтарылған ақ жарма көңілімен, мазасыз бүкіл өмірімен есімізде мәңгі кетпестей қалып қойған Мұқағали Мақатаевтың арамыздан кеткеніне он алты жыл толып қалыпты-ау. Зырлап, зулап өтіп бара жатқан уақыт-ай. Иә, біздің заманның ғажайып ақындарының бірі Мұқағали Мақатаевты өзін жарық дүниеге келтіріп, адам, азамат, ақын етіп жаратқан туған жері топырағының құшағына тапсырғанымызға тура он алты жыл толады.
  • monika12071993je citiraoпре 8 година
    Біз Мұқағалиды сәл де ұмытқан жоқпыз. Ұмыта да алмаспыз. Қайта арамызға түскен уақыт оның тұлғасын зорайта, асқақтата түсіпті. Жыры жалын ақын қазақ өлеңі өлкесіндегі бір асқарға — дара Алатауға айналғандай. Шынында да, ол қазақ өлеңдерінде Қасым Аманжолов сияқты дауылдай өртке тиген өлеңімен Өмірді шайқаған құдіретті тұлға, қайталанбас кесек құбылыс. Бәрі жадымызда: Оның поэзиямызға қалай келгені. Қалай жетіліп өскені, өршігені. Амал қанша, ол барынша толысып ауылын, астанасын ғана емес, төрткүл әлем қамын ойлай бастаған шағында, сырбаз сезіміне әлеуметтік қуатты ойды, терең пәлсафаны өзек етіп, жүрегінің түбіне кір жасырмай, барлық тұлғасымен толайым көрініп, зор ақындық даусымен жырлай бастаған уақтысында, поэзияның биік шырқауларын көрсететін деңгейге көтерілген кезеңінде үзіліп кетті.
fb2epub
Prevucite i otpustite datoteke (ne više od 5 odjednom)